"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА АУМАҒЫНА АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН IT МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ 10 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ КЕЛДІ

Материалдар өндірісі мен құрамын зерттеуге арналған тақырыптық сынып сағаты аясында "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағына Ақтау қаласындағы Мамандандырылған IT мектеп-лицейінің 10 (оныншы) сынып оқушылары мұғалімдер мен ата-аналардың қатысуымен келді. АЭА аумағында орналасқан "Ақтау Полимер" ЖШС, "ДСК - Қараойқұрылыс" ЖШС, "KazTrubIndustries" ЖШС АЭА қатысушыларының объектілеріне  бара отырып экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында оқушылар АЭА қызметінің бағыттарымен танысып, компания мамандары өндіріс циклы және өндірілетін өнімнің ерекшелігі мен оның құрамы туралы түсіндірме жүргізді.

Баскарушы компания мен IT лицей атынан АЭА қатысушыларына алғысымызды білдіреміз.

Қайнар көзі: "Ақтау теңіз порты"АЭА" АҚ баспасөз қызметі.

Желілерде бөлісу:

  • 242